МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК деректер бойынша дауылды ескертулер

03 қыркүйекте күндіз Алматы облысының оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, облыстың таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.
Облыстың орталығында, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы қ.: 03 қыркүйекте күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі.
Қонаев қ.: 03 қыркүйекте төтенші өрт қаупі сақталады.
Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 03 қыркүйекте күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

03 қыркүйекте Жетісу облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертен таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с, Алакөл көлдері аудандарында кей уақыттарда 23-28 м/с.
Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.                                               

03 қыркүйекте Түркістан облысының батысында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20,  күндіз кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с.
Төтенше өрт қаупі сақталады.
Шымкент қ.: 03 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан қ.: 03 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Төтенше өрт қаупі сақталады.

03 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.
Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда қ.: 03 қыркүйекте күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.
Төтенше өрт қаупі сақталады.

03 қыркүйекте күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Төтенше өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 03 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

03 қыркүйекте Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, сотүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

03 қыркүйекте түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі.Түнде және таңертең облыстың батысындатұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

03 қыркүйекте Қостанай облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман.
Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

03 қыркүйекте түнде және таңертең Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде 1 градус үсік күтіледі.
Павлодар қ.: 03 қыркүйекте түнде және таңертең тұман күтіледі.

03 қыркүйекте түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, тауыл аудандарында 5 градус үсік күтіледі.
Өскемен қ.: 03 қыркүйекте түнде және таңертең тұман күтіледі.

03 қыркүйекте түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, шығысында 3 градус үсік күтіледі.

03 қыркүйекте
түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15 м/с. Түнде облыстың шығысында 2 градус үсік.
Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. 

03 қыркүйекте Ұлытау облысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жезқазған қ.: 03 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

03 қыркүйекте Атырау облысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау қ.: 03 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

03 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Орал қ.: 03 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.

03 қыркүйекте Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтау қ.: 03 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

03-04 қыркүйекте Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе қ.: 03-04 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

 

Дата публикации
01 сентября 2026
Дата обновления
02 сентября 2026
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы