
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Астана қ.: 01 қыркүйекте таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түнде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.
Алматы қ.: 01 қыркүйекте кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15 м/с.
Шымкент қ.: 01 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
01 қыркүйекте Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, 01-02 қыркүйекте Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, 01-02 қыркүйекте Павлодар, Абай облысының батысында, солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облыстарының батысында, солтүстігінде, шығысында түнде 1-3 градус үсік күтіледі.
01-02 қыркүйекте Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, 01 қыркүйекте Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, 02 қыркүйекте солтүстігінде, шығысында, 01-02 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының шығысында, таулы аудандарында, 02 қыркүйекте Абай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбырдың соңы жылбысқы қарға ұласады) күтіледі.
01 қыркүйекте Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, түнде облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Облыстың орталығында, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 01 қыркүйекте жаңбыр, найзағай, түнде кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.
01 қыркүйекте түнде Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай, облыстын таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, күндіз облыстың таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың орталығында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
01 қыркүйекте түнде Абай облысының шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
01 қыркүйекте түнде Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, таулы аудандарында жауын-шашын, кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбырдың соңы жылбысқы қарға ұласады), күндіз облыстың шығысында, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.
01 қыркүйекте Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
01 қыркүйекте күндіз Түркістан облысының батысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
01 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
01 қыркүйекте түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с.
01 қыркүйекте түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысындатұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 25 м/с. Түнде облыстың оңтүстігінде 2 градус үсік күтіледі.
01 қыркүйекте күндіз Павлодар облысыңда жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
01 қыркүйекте Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
01 қыркүйекте күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
01 қыркүйекте күннің соңында Қарағанды облысының солтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.
01 қыркүйекте Ұлытау облысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
01 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
01 қыркүйекте Атырау облысында төтенше өрт қаупі сақталады.
01 қыркүйекте Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.