МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер

Астана қ.: 28 тамызда кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. 

Шымкент қ.: 28 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады. 

28 тамызда күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

28 тамызда түнде Ақмола облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

28 тамызда түнде Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде шығысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл, күндіз облыстың солтүстігінде шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 

28 тамызда түнде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, шығысында, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстіктен жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында екпіні  15-20 м/с. 

28 тамызда түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстіктен соғатын жел  солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

28 тамызда Ұлытау облысында оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. 

28 тамызда Қостанай облысының шығысында, солтүстік-шығысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстік-батысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі.  Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстікен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. 

28 тамызда Ақтөбе облысының орталығында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. 

28 тамызда Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, орталығында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

28 тамызда Батыс Қазақстан облысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.  

28 тамызда Алматы облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың  оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың орталығында, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

28 тамызда Жетісу облысында солтүстік-батыстан жел күтіледі, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың орталығында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

28 тамызда Жамбыл облысының таулы аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

28 тамызда күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. 

28 тамызда түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 15-18 м/с. 

28 тамызда түнде және таңертең Абай облысының шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Дата публикации
27 августа 2026
Дата обновления
27 августа 2026
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы