
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Астана қ.: 12 тамызда солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с. Жоғары өрт қаупі күтіледі.
Алматы қ.: 12 тамызда күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі.
Шымкент қ.: 12-14 тамызда күндіз 40-42 градус қатты ыстық күтіледі.
12-13 тамызда күндіз Абай облысының оңтүстігінде 40-41 градус өте қатты ыстық күтіледі.
12-14 тамызда күндіз Алматы облысының солтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында 40-41 градус өте қатты ыстық күтіледі.
13-14 тамызда күндіз Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде 40-41 градус өте қатты ыстық күтіледі.
14 тамызда күндіз Абай облысының оңтүстігінде 40-41 градус өте қатты ыстық күтіледі.
12 тамызда Алматы облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 12 тамызда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
12 тамызда күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
12 тамызда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 38-42 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
12 тамызда Түркістан облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с. 12-14 тамызда күндіз 40-44 градус қатты ыстық күтіледі. 12-14 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
12 тамызда Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 40-43 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
12 тамызда Маңғыстау облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
12 тамызда Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
12 тамызда күндіз Батыс Қазақстан облысында 35 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
12 тамызда күндіз Ақтөбе облысының батысында, орталығында аздаған жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстікке ауысады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
12-13 тамызда Қостанай облысы бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
12 тамызда түнде Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, облыстың солтүстігінде аздаған жаңбыр, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
12 тамызда түнде және таңертең Ақмола облысының шығысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
12 тамызда Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
12 тамызда түнде және таңертең Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35-39 градус қатты ыстық. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
12 тамызда Ұлытау облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 23 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық. Төтенше өрт қаупі сақталады.
12 тамызда түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
12 тамызда түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.