
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Шымкент қ.: 07 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
08-10 тамызда күндіз Атырау облысының оңтүстігінде 40-41 градус өте қатты ыстық күтіледі.
08-09 тамызда күндіз Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, 10-11 тамызда облыстың оңтүстігінде 40-41 градус өте қатты ыстық күтіледі.
09 тамызда күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде 40-41 градус өте қатты ыстық күтіледі.
09-10 тамызда күндіз Маңғыстау облысында 43-44 градус өте қатты ыстық күтіледі.
09-10 тамызда күндіз Қостанай облысының оңтүстігінде 40 градус өте қатты ыстық күтіледі.
10-11 тамызда күндіз Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде 40-41 градус өте қатты ыстық күтіледі.
07 тамызда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, кей уақыттарда қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
07 тамызда Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
07 тамызда түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
07 тамызда түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.
07 тамызда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
07 тамызда түнде Павлодар облысының шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
07 тамызда Ұлытау облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
07 тамызда түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күннің соңында облыстың батысында екпіні 15 м/с. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
07 тамызда күндіз Батыс Қазақстан облысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
07 тамызда күндіз Атырау облысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
07 тамызда түнде Маңғыстау облысының орталығында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 38-40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
07 тамызда Ақтөбе облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-18 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
07 тамызда күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 40 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
07 тамызда күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
07 тамызда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
07 тамызда күндіз Алматы облысының таулы аудандарында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 18 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 07 тамызда күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с.
07 тамызда күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.