МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер

Астана қ.: 01 тамызда күннің екінші жартысында өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.

Алматы қ.: 01 тамызда күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкент қ.: 01 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Күндіз 40-41 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі күтіледі. 

01 тамызда Маңғыстау облысында қатты және өте қатты ыстық сақталады. 

01 тамызда Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында, 01 - 02 тамызда Қызылорда, Түркістан облыстарында қатты ыстық күтіледі. Қатты және өте қатты ыстық болжамына байланысты облыстардың басым бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі. 

01 тамызда Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде күндіз 41 градус өте қатты ыстық күтіледі. 

01-02 тамызда Абай облысының оңтүстігінде күндіз 41 градус өте қатты ыстық күтіледі.

01-02 тамызда Жетісу обысыныда күндіз 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. 

01-02 тамызда облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. 

03-04 тамызда Абай облысының оңтүстігінде күндіз 41 градус өте қатты ыстық күтіледі. 

01 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

01 тамызда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

01 тамызда күндіз Атырау облысының солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. 

01 тамызда Маңғыстау облысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Күндіз облыста 38-40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. 

01 тамызда түнде Ақтөбе облысының шығысында аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20, облыстың орталығында кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

01 тамызда Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, кей уақыттарда қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

01 тамызда түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

01 тамызда күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

01 тамызда Ұлытау облысында оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі. 

01 тамызда күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.    

01 тамызда Абай облысының оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

01 тамызда күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

01 тамызда Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 40-43 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. 

01 тамызда күндіз Түркістан облысының батысында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с. Күндіз 40-44 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, солтүстігінде, оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

01 тамызда Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша 38-40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. 

01 тамызда Алматы облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

01 тамызда Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 25 м/с.

Дата публикации
01 августа 2026
Дата обновления
01 августа 2026
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы