
«Қазгидромет» РМК деректер бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескертулер сақталады:
21 шілдеде Абай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде күндіз 41 градус өте қатты ыстық күтіледі.
21 шілдеде күндіз Шығыс Қазақстан облысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. 21 шілдеде облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
21 шілдеде күндіз Абай облысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. 21 шілдеде облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Дауылды ескертулер күтіледі:
Астана қ.: 21 шілдеде кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жорғары өрт қаупі сақталады.
Алматы қ.: 21 шілдеде күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Шымкент қ.: 21 шілдеде күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
21 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
21 шілдеде Қостанай облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман. Солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23 м/с. Облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
21 шілдеде Ақмола облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 25 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
21 шілдеде Павлодар облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с. Облыстың шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
21 шілдеде түнде Қарағанды облысының батысында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
21 шілдеде түнде Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
21 шілдеде түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, шығысында, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с , екпіні 23 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі күтіледі.
21 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде15-20, күндіз екпіні 25 м/с.
21 шілдеде Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с.
21 шілдеде Жетісу облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық күтіледі.Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
21 шілдеде күндіз Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қонаев қ.: 21 шілдеде солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 37-38 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
21 шілдеде күндіз Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
21 шілдеде күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
21 шілдеде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20, күндіз 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
21 шілдеде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың қиыр оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
21 шілдеде Маңғыстау облысының солтүстігінде, батысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында, орталығында шаңды дауыл. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
21 шілдеде түнде Атырау облысының шығысында, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.