МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер 

Астана қ.: 14 шілдеде күндіз өткінші жаңбыр, найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. 

Алматы қ.: 14-15 шілдеде күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. 

Шымкент қ.: 14 шілдеде солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады. 

17 шілдеде Атырау облысында күндіз 40-42 градус өте қатты ыстық күтіледі. 

14-15 шілдеде Ұлытау облысында күндіз 40-41 градус өте қатты ыстық күтіледі. 

14-15 шілдеде Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, 16-17 шілдеде облыс бойынша күндіз 40-42 градус өте қатты ыстық күтіледі.

14-15 шілдеде Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, 16-17 шілдеде облыс бойынша күндіз күндіз 40-42 градус өте қатты ыстық күтіледі. 

14-17 шілдеде Маңғыстау облысында күндіз 43-46 градус өте қатты ыстық күтіледі.

17 шілдеде Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде күндіз 40-41 градус өте қатты ыстық күтіледі. 

14-17 шілдеде Қызылорда облысының оңтүстігінде күндіз 45 градус өте қатты ыстық күтіледі.

14-17 шілдеде Қарағанды облысының оңтүстігінде күндіз 40 градус өте қатты ыстық күтіледі. 

15-16 шілдеде Жамбыл облысында күндіз 43-44 градус өте қатты ыстық күтіледі. 

16 шілдеде Түркістан облысында күндіз 45-46 градус өте қатты ыстық күтіледі. 

14-16 шілдеде күндіз Атырау облысында 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. 

14-15 шілдеде күндіз Қостанай облысының оңтүстігінде 35-38 градус қатты ыстық күтіледі.          

14-15 шілдеде күндіз Ақтөбе облысында 35-39 градус қатты ыстық күтіледі.

14-15 шілдеде күндіз Ақмола облысы бойынша 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі күтіледі.                                             

14-15 шілдеде күндіз Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 35-39 градус қатты ыстық күтіледі.

14-15 шілдеде күндіз Павлодар облысы бойынша 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. 

14-15 шілдеде күндіз Қарағанды облысы бойынша 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. 

14-15 шілдеде күндіз Ұлытау облысы бойнша 36-39 градус қатты ыстық күтіледі. 

14-16 шілдеде күндіз Шығыс Қазақстан облысы бойынша 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. 

14-15 шілдеде күндіз Абай облысы бойынша 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. 

14-15 шілдеде күндіз Алматы облысы бойынша 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. 

14-17 шілдеде күндіз Жетісу облысында 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

14-15 шілдеде күндіз Түркістан облысы бойынша 40-43 градус қатты ыстық күтіледі.

14-15 шілдеде күндіз Қызылорда облысы бойынша 40-43 градус қатты ыстық күтіледі. 

14 шілдеде күндіз Жамбыл облысы бойынша 38-42 градус қатты ыстық күтіледі. 

14-15 шілдеде күндіз Батыс Қазақстан облысы бойынша 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.                                                                                   

14 шілдеде Түркістан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с.  Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады,  облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

14 шілдеде Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, тау бөктерінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. 

Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 14 шілдеде өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Шығыстан соғатын жел батысқа ауысады кей уақытта екпіні 15-20 м/с 

14 шілдеде күндіз Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. 

14 шілдеде күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

14 шілдеде түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с, облыстың оңтүстік-шығысында кей уақыттарда 23 м/с.                                                                                     

14 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20, күндіз облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда екпіні 25 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі күтіледі. 

14 шілдеде күндіз Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

14 шілдеде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі. 

14 шілдеде Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың шығысында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

14 шілдеде күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде жаңбыр, найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстіктен соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.  

14 шілдеде түнде Атырау облысының солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.   

14 шілдеде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, кей уақыттарда қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

14 шілдеде күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. 

14 шілдеде күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

14 шілдеде күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні              15 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады. 

14 шілдеде күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде аздаған жаңбыр,  найзағай күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. 

14 шілдеде күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

 

Дата публикации
13 июля 2026
Дата обновления
14 июля 2026
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
Жедел ақпарат
21 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы