
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескертулер сақталады:
08-12 шілдеде Атырау облысында күндіз 30-39 градус, Маңғыстау облысында 35-42 градус қатты ыстық күтіледі.
08-11 шілдеде Ақтөбе облысында, 07–11 шілдеде Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, 08–12 шілдеде Ақмола, Қарағанды облыстарында күндіз 30-38 градус қатты ыстық болады деп күтілуде.
08-12 шілдеде Ұлытау облысында күндіз 30-38 градус қатты ыстық, ал 08 шілдеден бастап облыстың оңтүстігінде 41 градусқа дейін өте қатты ыстық күтіледі.
08-13 шілдеде Қызылорда облысында күндіз 35-40 градус қатты ыстық, ал 09 шілдеден бастап облыстың оңтүстігінде 45 градусқа дейін өте қатты ыстық болады деп болжанады.
08-13 шілдеде Түркістан облысында күндіз 37-42 градус қатты ыстық күтіледі.
08-13 шілдеде Жамбыл облысында күндіз 34-39 градус қатты ыстық, ал 10 шілдеден бастап облыстың оңтүстігі мен орталығында 40-43 градусқа дейін өте қатты ыстық болады.
08-13 шілдеде күндіз Алматы және Жетісу облыстарында 30-38 градус қатты ыстық, ал 10 шілдеден бастап облыстардың орталығында 40-42 градусқа дейін өте қатты ыстық күтіледі.
Облыстардың басым бөлігінде қатты және өте қатты ыстық болжамына байланысты жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі.
08 шілдеде Атырау облысының оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында, 08 шілдеде Ұлытау облысының оңтүстігінде, батысында күндіз 40-41 градус өте қатты ыстық күтіледі.
Дауылды ескертулер күтіледі:
Астана қ.: 08 шілдеде өткінші жаңбыр, найзағай, күндіз дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Алматы қ.: 08 шілдеде күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан соғатын жел шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15 м/с.
Шымкент қ.: 08 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
08 шілдеде түнде Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз облыстың батысында, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай, облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Батыстан соғатын жел шығысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі.Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 08 шілдеде күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан соғатын жел шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
08 шілдеде түнде Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
08 шілдеде Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. Күндіз облыстың шығысында, орталығында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі.
08 шілдеде түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
08 шілдеде түнде Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Облыстың батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
08 шілдеде Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында өткінші жаңбыр, найзағай, күндіз дауыл, облыстың солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде қатты ыстық 36 градус күтіледі.
08 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының шығысында аздаған жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
08 шілдеде Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
08 шілдеде түнде Қарағанды облысының шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
08 шілдеде күндіз Ұлытау облысын қатты ыстық 35-37 градус.
08 шілдеде күндіз Түркістан облысының тауларында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
08 шілдеде Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
08 шілдеде күндіз Қызылорда облысында 40-41 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
08 шілдеде күндіз Батыс Қазақстан облысының шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
08 шілдеде Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
08 шілдеде Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында, жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында 38-41 градус қатты ыстық күтіледі.
08 шілдеде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі.