МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер

Дауылды ескерту сақталады:

06–12 шілдеде Атырау облысында күндіз 30–39 градус, Маңғыстау облысында 35–42 градус қатты ыстық күтіледі.

06–11 шілдеде Ақтөбе облысында, 07–11 шілдеде Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, 08–12 шілдеде Ақмола, Қарағанды облыстарында күндіз 30–38 градус қатты ыстық болады деп күтілуде.

06–12 шілдеде Ұлытау облысында күндіз 30–38 градус қатты ыстық, ал 08 шілдеден бастап облыстың оңтүстігінде 41 градусқа дейін өте қатты ыстық күтіледі.

06–13 шілдеде Қызылорда облысында күндіз 35–40 градус қатты ыстық, ал 09 шілдеден бастап облыстың оңтүстігінде 45 градусқа дейін өте қатты ыстық болады деп болжанады.

08–13 шілдеде Түркістан облысында күндіз 37–42 градус қатты ыстық күтіледі.

08–13 шілдеде Жамбыл облысында күндіз 34–39 градус қатты ыстық, ал 10 шілдеден бастап облыстың оңтүстігі мен орталығында 40–43 градусқа дейін өте қатты ыстық болады.

07–13 шілдеде күндіз Алматы және Жетісу облыстарында 30–38 градус қатты ыстық, ал 10 шілдеден бастап облыстардың орталығында 40–42 градусқа дейін өте қатты ыстық күтіледі.

Облыстардың басым бөлігінде қатты және өте қатты ыстық болжамына байланысты жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі.

Дауылды ескертулер күтіледі:

Астана қ.: 06 шілдеде кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

07-08 шілде Атырау облысының оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында,  08 шілде Ұлытау облысының оңтүстігінде, батысында күндіз 40-41 градус өте қатты ыстық күтіледі.

06 шілдеде түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

06 шілдеде түнде Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

06 шілдеде түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-батысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

06 шілдеде түнде Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

06 шілдеде түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың солтүстік-батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

06 шілдеде түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

06 шілдеде күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 06 шілдеде күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

06 шілдеде күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

06 шілдеде күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

06 шілдеде күндіз Түркістан облысының тауларында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тауларында 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

06 шілдеде Қызылорда облысының орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

06 шілдеде түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Күндіз 38-40 градус қатты ыстық күтіледі.

06 шілдеде таңертең және күндіз Атырау облысының батысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.  Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

06 шілдеде күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі.

06 шілдеде күндіз Ақтөбе облысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі.

06 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

06 шілдеде күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман.

Дата публикации
05 июля 2026
Дата обновления
05 июля 2026
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
Жедел ақпарат
21 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы