
Астана қ.: 05 шілдеде кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.
Алматы қ.: 05 шілдеде түнде жаңбыр, найзағай күтіледі.
29 маусым-05 шілде аралығында Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Ұлытау облыстарында қатты жаңбыр сақталады.
01-05 шілдеде күндіз Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында 30-38 градус қатты ыстық сақталады. Қатты ыстықтың болжануына байланысты облыстардың басым бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі сакталады.
01-05 шілдеде Алматы және Жетісу облыстарының оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қатты жаңбыр күтіледі.
04–12 шілдеде Атырау облысында күндіз 30–39 градус, Маңғыстау облысында 35–42 градус қатты ыстық күтіледі.
05–11 шілдеде Ақтөбе облысында, 07–11 шілдеде Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, 08–12 шілдеде Ақмола, Қарағанды облыстарында күндіз 30–38 градус қатты ыстық болады деп күтілуде.
06–12 шілдеде Ұлытау облысында күндіз 30–38 градус қатты ыстық, ал 08 шілдеден бастап облыстың оңтүстігінде 41 градусқа дейін өте қатты ыстық күтіледі.
06–13 шілдеде Қызылорда облысында күндіз 35–40 градус қатты ыстық, ал 09 шілдеден бастап облыстың оңтүстігінде 45 градусқа дейін өте қатты ыстық болады деп болжанады.
08–13 шілдеде Түркістан облысында күндіз 37–42 градус қатты ыстық күтіледі.
08–13 шілдеде Жамбыл облысында күндіз 34–39 градус қатты ыстық, ал 10 шілдеден бастап облыстың оңтүстігі мен орталығында 40–43 градусқа дейін өте қатты ыстық болады.
07–13 шілдеде күндіз Алматы және Жетісу облыстарында 30–38 градус қатты ыстық, ал 10 шілдеден бастап облыстардың орталығында 40–42 градусқа дейін өте қатты ыстық күтіледі. Облыстардың басым бөлігінде қатты және өте қатты ыстық болжамына байланысты жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі.
04-05 шілдеде Алматы және Жетісу облыстарының таулы аудандарында өте қатты жаңбыр күтіледі.
05 шілдеде Жетісу облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, Алақөл көлдері аудандарында екпіні кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
05 шілдеде түнде Алматы облысында жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 05 шілдеде жаңбыр, найзағай, кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
05 шілдеде түнде Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, күндіз облыстың таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тау аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарда екпіні 15-20, Алакөл көлдері аудандарында 23-28 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
05 шілдеде Ақмола облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
05 шілдеде түнде Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
05 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
05 шілдеде түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с.. Облыстың шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
05 шілдеде түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
05 шілдеде Қарағанды облысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
05 шілдеде күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
05 шілдеде Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
05 шілдеде Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады, солтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі.
05 шілдеде Қызылорда облысының орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
05 шілдеде күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.
05 шілдеде күндіз Атырау облысының батысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
05 шілдеде күндіз Маңғыстау облысында 38-39 градус қатты ыстық күтіледі.
05 шілдеде күндіз Ақтөбе облысының солтүстік-батысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында 35 градус қатты ыстық күтіледі.
05 шілдеде Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында тұман.