МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер

Дауылды ескерту сақталады:

29 маусым-05 шілде аралығында Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Ұлытау облыстарында қатты жаңбыр сақталады.

01-05 шілдеде күндіз Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында 30-38 градус қатты ыстық сақталады. Қатты ыстықтың болжануына байланысты облыстардың басым бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі сакталады.

01-05 шілдеде  Алматы және Жетісу облыстарының оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында  қатты жаңбыр күтіледі.

Дауылды ескерту күтіледі:

Астана қ.: 03 шілдеде кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстіктен-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Алматы қ.: 03 шілдеде кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, түнде кей уақыттарда қатты жаңбыр, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Шымкент қ.: 03 шілдеде түнде өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

03 шілдеде Ақмола облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

03 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

03 шілдеде Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, түнде кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

03 шілдеде Қостанай облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

03 шілдеде түнде Қарағанды облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, облыстың шығысында, оңтүстік-шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, дауыл, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

03 шілдеде Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында күші 15-20, облыстың шығысында кей уақыттарда 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

03 шілдеде Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 03 шілдеде жаңбыр, найзағай, кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.

03 шілдеде Жетісу облысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарда екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

03 шілдеде Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

03 шілдеде Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

03 шілдеде Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың орталығында, солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

03 шілдеде түнде Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, орталығында аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде аздаған жаңбыр, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.

03 шілдеде таңертең және күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

03 шілдеде түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстік-батысында жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде бойынша 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

03 шілдеде Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с күтіледі.

03 шілдеде түнде Атырау облысының шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.  

03 шілдеде түнде Батыс Қазақстан облысының шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі.

 

Дата публикации
02 июля 2026
Дата обновления
02 июля 2026
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)
18 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 17 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы