
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Астана қ.: 02 шілдеде күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Алматы қ.: 02 шілдеде кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі күтіледі.
Шымкент қ.: 02 шілдеде өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
29 маусым-02 шілде аралығында Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында, 29 маусым-05 шілде аралығында Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Ұлытау облыстарында қатты жаңбыр сақталады.
01-05 шілдеде күндіз Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында 30-38 градус қатты ыстық сақталады. Қатты ыстықтың болжануына байланысты облыстардың басым бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі сакталады.
01-05 шілдеде Алматы және Жетісу облыстарының оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қатты жаңбыр күтіледі.
02 шілдеде Қызылорда облысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
02 шілдеде Түркістан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде және тау асуларында екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
02 шілдеде Алматы облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 30 м/с және одан аса күтіледі.
02 шілдеде Жетісу облысында солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, шығысында 15-20 м/с, Алақөл көлі аудандарында екпіні 23-28 м/с, күндіз кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
02 шілдеде түнде Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с, облыстың батысында, орталығында 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
02 шілдеде түнде Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, облыстың оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақытта 23-28 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
02 шілдеде түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
02 шілдеде түнде Қарағанды облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
02 шілдеде Ұлытау облысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с, күндіз екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
02 шілдеде Қостанай облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
02 шілдеде Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында екпіні 15-18 м/с күтіледі.
02 шілдеде Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 02 шілдеде жаңбыр, найзағай, кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.
02 шілдеде Жетісу облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыстқа ауысады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
02 шілдеде Түркістан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
02 шілдеде түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, облыстың таулы аудандарында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
02 шілдеде Қызылорда облысында жаңбыр, түнде облыстың солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
02 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күндіз бұршақ күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың солтүстік-батысында, орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.
02 шілдеде Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт каупі сақталады.
02 шілдеде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
02 шілдеде Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
02 шілдеде Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, батысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.