МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

Дауылды ескертулер

Дауылды ескерту сақталады:

29 маусым-02 шілде аралығында Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында, 29 маусым-05 шілде аралығында Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Ұлытау облыстарында қатты жаңбыр сақталады.

01-05 шілдеде күндіз Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында 30-38 градус қатты ыстық сақталады. Қатты ыстықтың болжануына байланысты облыстардың басым бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі сакталады.

Дауылды ескерту күтіледі:

01 шілдеде түнде Батыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Орал қ.: 01 шілдеде жаңбыр, найзағай, күндіз, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі

01 шілдеде түнде Атырау облысында жаңбыр, найзағай, облыстың шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау қ.: 01 шілдеде түнде жаңбыр, найзағай  күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с.

01 шілдеде Маңғыстау облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі.
Ақтау қ.: 01 шілдеде жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с күтіледі.

01 шілдеде Ақтөбе облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-18, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақтөбе қ.: 01 шілдеде кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15 м/с.

01 шілдеде Қостанай облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай қ.: 01 шілдеде таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай, кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.                                                                      

01 шілдеде түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, облыстың оңтүстігінде қатты жаңбыр, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с.
Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Петропавл қ.: 01 шілдеде күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с.

01 шілдеде түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.
Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Астана қ.: 01 шілдеде кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік- батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.
Көкшетау қ.: 01 шілдеде жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

01 шілдеде түнде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар қ.: 01 шілдеде күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік- шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

01 шілдеде Алматы облысының солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с.
Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы қ.: 01 шілдеде кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, бұршақ, түнде қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.
Қонаев қ.: 01 шілдеде түнде және таңертең жаңбыр, найзағай күтіледі. Кей уақыттарда шаңды дауыл. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с.
Жоғары өрт қаупі күтіледі.
Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 01 шілдеде жаңбыр, найзағай, кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с.                                                               

01 шілдеде Жетісу облысында жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.
Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Талдықорған қ.: 01 шілдеде кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі.
Төтенше өрт қаупі сақталады.

01 шілдеде Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында қатты жаңбыр, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күші түнде облыстың орталығында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында 23 м/с күтіледі.
Облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда қ.: 01 шілдеде күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Төтенше өрт қаупі сақталады.

01 шілдеде түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыс бойынша төтенше өрт қаупі күтіледі, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт каупі күтіледі.
Семей қ.: 01 шілдеде күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.
Жоғары өрт қаупі сақталады.

01 шілдеде түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-36 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың солтүстік-батысында, орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Өскемен қ.: 01 шілдеде күннің екінші жартысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Төтенше өрт қаупі сақталады.

01 шілдеде түнде Ұлытау облысының солтүстігінде, күндіз облыстың батысында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.
Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.  

01 шілдеде түнде Қарағанды облысының батысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

01 шілдеде Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с.
Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Шымкент қ.: 01 шілдеде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Түркістан қ.: 01 шілдеде күннің екінші жартысында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Жоғары өрт қаупі сақталады.

01 шілдеде түнде Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, күндіз облыстың оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, облыстың шығысында, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с  күтіледі.
Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 01 шілдеде күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі.

Дата публикации
30 июня 2026
Дата обновления
30 июня 2026
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы