МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер

Астана қ.: 29 маусымда жаңбыр, найзағай, күндіз кей уақытарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл 

Алматы қ.: 29 маусымда күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Шымкент қ.: 29 маусымда өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. 

22-30 маусымда күндіз Шығыс Қазақстан облысында 30-38 градус қатты ыстық сақталады. 

22-30 маусымда күндіз Алматы, Жетісу облыстарында  30-38 градус қатты ыстық сақталады. Қатты және өте қатты ыстықтың болжануына байланысты облыстардың басым бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі. 

27-29 маусымда күндіз Алматы, Жетісу облыстарының солтүстігінде, 29 маусымда күндіз Павлодар, Шығыс-Қазақстан, Абай облыстарының оңтүстігінде, Қарағанды облысының шығысында 40 градус өте қатты ыстық күтіледі. 

29 маусымда түнде Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. 

29 маусымда түнде Атырау облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. 

29 маусымда түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. 

29 маусымда Маңғыстау облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. 

29 маусымда түнде Қостанай облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақытта қатты жаңбыр, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

29 маусымда Ақмола облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. 

29 маусымда күндіз Павлодар облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.                                                                                     

29 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатың жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, екпіні 25 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.           

29 маусымда түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың орталығында 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

29 маусымда Ұлытау облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15–20, кей уақытта 23–28 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

29 маусымда түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. 

29 маусымда түнде Абай облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт каупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

29 маусымда Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады. 

29 маусымда Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың орталығында, солтүстігінде күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. 

29 маусымда түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күтіледі.          Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі. 

29 маусымда күндіз Алматы облысының батысында, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, облыстың таулы, тау бөктеріндегі аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 29 маусымда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.                                                                             

29 маусымда күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

 

Дата публикации
28 июня 2026
Дата обновления
28 июня 2026
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы