МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер

Дауылды ескертулер сақталады:

22-30 маусымда күндіз Шығыс Қазақстан облысында 30-38 градус қатты ыстық сақталады.

22-30 маусымда күндіз Алматы, Жетісу облыстарында  30-38 градус қатты ыстық сақталады.

Қатты және өте қатты ыстықтың болжануына байланысты облыстардың басым бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі.

27-29 маусымда күндіз Алматы, Жетісу облыстарының солтүстігінде, 27-28 маусымда күндіз Ұлытау облысының оңтүстігінде, 29 маусымда күндіз Павлодар, Шығыс-Қазақстан, Абай облыстарының оңтүстігінде, Қарағанды облысының шығысында 40 градус өте қатты ыстық күтіледі.

Дауылды ескертулер күтіледі:

Алматы қ.: 27 маусымда күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Шымкент қ.: 27 маусымда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

27 маусымда түнде Ақтөбе облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында  екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік жартысында жоғары өрт қаупі сақталады.

27 маусымда түнде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

27 маусымда түнде Батыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

27 маусымда Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.  

27 маусымда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, күндіз кей уақыттарда, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.

27 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

27 маусымда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

27 маусымда күндіз Павлодар облысында 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

27 маусымда күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

27 маусымда күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні             15 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

27 маусымда күндіз Абай облысының солтүстігінде, орталығында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт каупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

27 маусымда түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

27 маусымда түнде Түркістан облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 40-41 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

27 маусымда таңертең және күндіз Қызылорда облысының батысында, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

27 маусымда түнде Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

27 маусымда күндіз Алматы облысының тау бөктеріндегі, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың тау бөктеріндегі, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 27 маусымда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батытан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

27 маусымда күндіз Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт каупі сақталады.

Дата публикации
26 июня 2026
Дата обновления
26 июня 2026
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
Жедел ақпарат
21 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы