МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер

  Дауылды ескертулер сақталады:

  21 маусымда күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде 40-41 градус өте қатты ыстық күтіледі.

  21 маусымда күндіз Қостанай, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде 40-41 градус өте қатты ыстық күтіледі.

  22-23 маусымда күндіз Павлодар облысының оңтүстігінде, 22 маусымда күндіз Ұлытау облысының оңтүстігінде, 23 маусымда күндіз Қарағанды облысының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде 40-41 градус өте қатты ыстық күтіледі.

  20-24 маусымда күндіз Ұлытау, Қарағанды, Ақмола, Павлодар облыстарында 30-38 градус қатты ыстық күтіледі, 21-22 маусымда Ұлытау облысының оңтүстігінде, 22-23 маусымда Қарағанды, Павлодар облыстырының оңтүстігінде 41 градус өте қатты ыстық күтіледі.

  21-24 маусымда күндіз Абай облысында 30-38 градус қатты ыстық сақталады.

  21-30 маусымда күндіз Шығыс Қазақстан облысында 30-38 градус қатты ыстық сақталады.

  21-30 маусымда күндіз Алматы, Жетісу облыстарында  30-38 градус қатты ыстық сақталады, 23-24 маусымда Алматы облысының солтүстігінде 41 градус өте қатты ыстық күтіледі.

  Қатты және өте қатты ыстықтың болжануына байланысты облыстардың басым бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі.

  Дауылды ескертулер күтіледі:

  Астана қ.: 21 маусымда күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.

  Шымкент қ.: 21 маусымда өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батыс бағытына ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

  21 маусымда Батыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

  21 маусымда Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.

  21 маусымда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Күндіз облыста 38-42 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.

  21 маусымда Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

  21 маусымда күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық, облыстың оңтүстігінде 40 градус өте қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

  21 маусымда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

  21 маусымда күндіз Ақмола облысында 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

  21 маусымда күндіз Павлодар облысында 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі, облысының солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

  21 маусымда Абай облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт каупі күтіледі, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

  21 маусымда күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

  21 маусымда Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық, облыстың батысында, оңтүстігінде 40-41 градус өте қатты ыстық күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

  21 маусымда күндіз Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

  21 маусымда күндіз Қызылорда облысының шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыс бойынша 40-42 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

  21 маусымда Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батыс бағытына ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

  21 маусымда Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

  21 маусымда Алматы облысының тау бөктеріндегі аудандарында аздаған жаңбыр, найзағай, облыстың таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың солтүстігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

  Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 21 маусымда өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

  21 маусымда Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт каупі, облыстың шығысында, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

 

Дата публикации
20 июня 2026
Дата обновления
20 июня 2026
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
Жедел ақпарат
21 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы