МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер

Дауылды ескерту сақталады:

16-20 маусымда күндіз Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында 30-35 градус, облыстардың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық сақталады.

16-20 маусымда күндіз Алматы, Жетісу облыстарында 30-38 градус қатты ыстық сақталады.

16-21 маусымда күндіз Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында 35-40 градус қатты ыстық, 17 маусымнан бастап облыстардың оңтүстігінде 40-43 градус  қатты ыстық күтіледі.

Қатты ыстықтың болжануына байланысты облыстардың басым бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі.

Дауылды ескертулер күтіледі:

Астана қ.: 18 маусымда кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Алматы қ.: 18 июня күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Шымкент қ.: 18 маусымда өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

18 маусымда түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні    15-20 м/с. Күндіз 35 қатты ыстық градус күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

18 маусымда түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

18 маусымда таңертең және күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Солүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі, облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

18 маусымда күндіз Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде аздаған жаңбыр найзағай күтіледі, облыстың тау бөктеріндегі, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, тау бөктеріндегі, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 18 маусымда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

18 маусымда күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шыгыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт каупі, облыстың шығысында, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

18 маусымда Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

18 маусымда Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

18 маусымда түнде Ұлытау облысының оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

18 маусымда түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың батысында, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

18 маусымда күндіз Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 40 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

18 маусымда түнде Абай облысының оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың  солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

18 маусымда түнде Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың  батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

18 маусымда Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың қиыр батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

18 маусымда түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық күтіледі.

18 маусымда күндіз Атырау облысының батысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.

18 маусымда күндіз Маңғыстау облысында 38-39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

18 маусымда Павлодар облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

 

Дата публикации
18 июня 2026
Дата обновления
18 июня 2026
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
Жедел ақпарат
21 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы