
«Қазгидромет» РМК деректер бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескерту сақталады:
17-18 мамырда Қостанай облысының орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Дауылды ескерту сақталады:
17 мамырда түнде Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
17 мамырда түнде Батыс Қазақстан облысының батысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
17 мамырда түнде Атырау облысының батысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
17 мамырда күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
17 мамырда түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.
17 мамырда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі.
17 мамырда түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
17 мамырда Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
17 мамырда Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
17 мамырда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
17 мамырда түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстік-батысында 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
17 мамырда Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күші 15-20 м/с, күндіз облыстың орталығында күші 23 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
17 мамырда Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
17 мамырда Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
17 мамырда Алматы облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 18 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
17 мамырда Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.