
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескертулер күтіледі:
Астана қ.: 07 мамырда өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі.
07 мамырда Батыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
07 мамырда Атырау облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
07 мамырда түнде Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында, орталығында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
07 мамырда түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, орталығында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
07 мамырда түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
07 мамырда күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.
07 мамырда түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында жаңбыр, найзағай, тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
07 мамырда Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.
07 мамырда күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
07 мамырда Абай облысында жоғары өрт қаупі сақталады.
07 мамырда Ұлытау облысының солтүстігінде жаңбыр, найзағай, облыстың орталығында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі күтіледі.
07 мамырда Қарағанды облысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
07 мамырда Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі күтіледі.
07 мамырда күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.
07 мамырда Алматы облысының солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.
07 мамырда Жамбыл облысының орталығында, солтүстігінде, батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.