
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Астана қ.: 01 мамырда күннің екінші жартысында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз шаңды дауыл күтіледі. Отүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Алматы қ.: 01 мамырда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.
Шымкент қ.: 01 мамырда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
01 мамырда Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі.
01 мамырда күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында күші 15-20, Алакөл көлдері ауданында екпіні 23-28 м/с. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
01 мамырда түнде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
01 мамырда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
01 мамырда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 1 градус үсік күтіледі.
01 мамырда түнде және таңертең Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
01 мамырда Ақтөбе облысында солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
01 мамырда күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, кей уақыттарда екпіні 25 м/с.
01 мамырда түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, дауыл, облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.
Облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
01 мамырда Павлодар облысыны оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
01 мамырда күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде жаңбыр, найзағай, облыстың шығысында, орталығында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.
01 мамырда Қарағанды облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
01 мамырда күндіз Абай облысының оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.
01 мамырда Шығыс Қазақстан облысында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
01 мамырда Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, шаңды дауыл, дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың орталығында, солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
01 мамырда күндіз Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.
01 мамырда күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.