МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер

Дауылды ескертулер күтіледі:

Астана қ.: 22 сәуірде түннің бірінші жартысында, күннің соңында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі.        

Шымкент қ.: 22 сәуірде кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, дауыл, күннің соңында қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

22 сәуірде түнде Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, дауыл, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жаңбыр, найзағай, дауыл, күннің екінші жартысында облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с.  Облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың қиыр батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

22 сәуірде таңертең және күндіз Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, түнде екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.    

22 сәуірде Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.

22 сәуірде түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі.

22 сәуірде түнде Маңғыстау облысының орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі.

22 сәуірде түнде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

22 сәуірде Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

22 сәуірде күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-18 м/с.

22 сәуірде күндіз Ұлытау облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с.

22 сәуірде Абай облысының орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

 

Дата публикации
21 апреля 2026
Дата обновления
21 апреля 2026
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
Жедел ақпарат
21 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы