
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Алматы қ.: 19 сәуірде таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман.
19 сәуірде Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі.
19 сәуірде күндіз Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың Алакөл көлдері ауданында күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында 3 градус үсік күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
19 сәуірде Алматы облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, тау бөктеріндегі аудандарында 3 градус үсік күтіледі.
Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 19 сәуірде түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с.
19 сәуірде Жамбыл облысының оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, облыстың таулы аудандарында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
19 сәуірде күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 2 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
19 сәуірде күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, батысында, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Шаңды дауыл. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
19 сәуірде күндіз Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде шаңды дауыл. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
19 сәуірде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
19 сәуірде Қостанай облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
19 сәуірде түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
19 сәуірде түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
19 сәуірде түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
19 сәуірде түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
19 сәуірде түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с.
19 сәуірде Абай облысында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.