МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК деректер бойынша дауылды ескертулер.

Астана қ.: 08 наурызда кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23 м/с.

Алматы қ.: 08 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Шымкент қ.: 08 наурызда кей уақыттарда тұман күтіледі.

08 наурызда Ақмола облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с.

08 наурызда түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын, күндіз аздаған жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20, облыстың оңтүстік-батысында кей уақыттарда 23-28 м/с.

08 наурызда түнде Қостанай облысында қар, бұрқасын, көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с.

08 наурызда түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында аздаған қар, көктайғақ, облыстың шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

08 наурызда түнде Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

08 наурызда Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында тұман. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15–20 м/с.

08 наурызда түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15–20, кей уақыттарда 23 м/с.

08 наурызда күндіз Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың  солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.

08 наурызда күндіз Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың  оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.

08 наурызда түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың  батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

08 наурызда күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде облыстың таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың  таулы аудандарында 15-20 м/с.

08 наурызда Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, тау бөктеріндегі, таулы аудандарында  тұман күтіледі. Онтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

08 наурызда түнде және таңертең Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 17-22 м/с.

08 наурызда Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

08 наурызда түнде Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.

08 наурызда түнде Маңғыстау облысының батысында жолдарда көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с күтіледі.

08 наурызда Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23м/с күтіледі.

Дата публикации
07 марта 2026
Дата обновления
07 марта 2026
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы