
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескертулер сақталады:
25 ақпанда Павлодар облысында ауа температурасы түнде 33-38 градус аязға дейін күрт төмендейді.
25 ақпанда Абай облысында ауа температурасы түнде 32-37, облыстың оңтүстігінде 25 градус аязға дейін күрт төмендейді.
25 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы түнде 32-37, облыстың оңтүстігінде 25 градус аязға дейін, облыстың солтүстігінде, шығыста 40 градус қатты аязға дейін күрт төмендейді.
Дауылды ескертулер күтіледі:
Алматы қ.: 25 ақпанда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі.
Шымкент қ.: 25 ақпанда түнде және күннің соңында жаңбыр күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
25 ақпанда түнде Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде жаңбыр, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын, күннің екінші жартысында қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20, күндіз облыстың тау асуларында екпіні 23-28 м/с.
25 ақпанда түнде Қызылорда облысының оңтүстігінде көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын, облыстың орталығында, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20, күндіз облыстың орталығында, шығысында екпіні 25 м/с күтіледі.
25 ақпанда Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.
25 ақпанда Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
25 ақпанда Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, шығысында, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстіқ-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
25 ақпанда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.
25 ақпанда түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
25 ақпанда Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.
25 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
25 ақпанда Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, Мұғалжар ауданында екпіні 15-20 м/с.
25 ақпанда күндіз Ұлытау облысының оңтүстігінде жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 25 м/с.
25 ақпанда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
25 ақпанда Маңғыстау облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ күтіледі.
25 ақпанда Қостанай облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.