МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

Қазақстан Республикасы бойынша 2026 жылдың 18-20 ақпанда күтілетін ауа райының күрт өзгеруі, апатты және қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойыншп дауылды ескертулер

 

 

19 ақпанда Ақтөбе облысында ауа температурасы түнде 12-17, облыстың оңтүстігінде 7 градус аязға дейін күрт төмендейді.

19 ақпанда Қостанай облысында ауа температурасы түнде 15-20, облыстың солтүстік-шығысында 23 градус аязға дейін, күндіз 12-17, облыстың солтүстік-шығысында 20 градус аязға дейін күрт төмендейді, 20 ақпанда түнде 20-25, облыстың солтүстік-шығысында 28, облыстың оңтүстігінде 15 градус аязға дейін одан әрі төмендейді.

19 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы түнде және күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде 23 градус аязға дейін күрт төмендейді, 20 ақпанда түнде 20-25, облыстың солтүстігінде 28 градус аязға дейін одан әрі төмендейді.

19 ақпанда Ақмола облысында ауа температурасы түнде және күндіз 10-15, облыстың батысында, солтүстігінде 20 градус аязға дейін күрт төмендейді, 20 ақпанда түнде 20-25, облыстың солтүстігінде, шығысында 28 градус аязға дейін одан әрі төмендейді.

Астана қ.: 19 ақпанда ауа температурасы түнде және күндіз 11-13 градус аязға дейін күрт төмендейді, 20 ақпанда түнде 21-23 градус аязға дейін одан әрі төмендейді.

19 ақпанда Павлодар облысында ауа температурасы түнде және күндіз 8-13, облыстың батысында, солтүстігінде 16 градус аязға дейін күрт төмендейді, 20 ақпанда түнде 20-25, облыстың оңтүстігінде 17 градус аязға дейін одан әрі төмендейді.

20 ақпанда Ұлытау облысында ауа температурасы түнде 10-15, облыстың оңтүстігінде 7 градус аязға дейін күрт төмендейді.

20 ақпанда Қарағанды облысында ауа температурасы түнде 15-20, облыстың солтүстігінде 25, облыстың оңтүстігінде 10 градус аязға дейін күрт төмендейді.

20 ақпанда Абай облысында ауа температурасы түнде және күндіз 12-17, облыстың солтүстігінде 20, облыстың оңтүстігінде 7 градус аязға дейін күрт төмендейді.

20 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы түнде және күндіз 12-17, облыстың солтүстігінде, шығысында 20, облыстың оңтүстігінде 9 градус аязға дейін күрт төмендейді.

 

20 ақпанда Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 23-28 м/с, Мұғалжар ауданында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

 

18 ақпанда түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың оңтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с.

Астана қ.: 18 ақпанда түнде  аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Көктайғақ, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Көкшетау қ.: 18 ақпанда түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын күтіледі. Көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

                                                                                     

18 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с.

Петропавл қ.: 18 ақпанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні   23-28 м/с.

 

18 ақпанда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с.

Павлодар қ.: 18 ақпанда таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

 

18 ақпанда түнде Қостанай облысының батысында, шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қостанай қ.: 18 ақпанда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

           

18 ақпанда күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды қ.: 18 ақпанда тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15–20 м/с.

 

18 ақпанда күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ.

Жезқазған қ.: 18 ақпанда тұман, көктайғақ күтіледі.

 

18 ақпанда күндіз Абай облысының батысында, орталығында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с.

 

18 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

         

18 ақпанда Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с.

Шымкент қ.: 18 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Түркістан қ.: 18 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

 

18 ақпанда Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда қ: 18 ақпанда кей уақытта тұман күтіледі.

 

18 ақпанда Жамбыл облысында кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Тараз қ.: 18 ақпанда кей уақыттарда тұман күтіледі.

 

18 ақпанда Алматы облысының шығысында, орталығында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады екпіні 15-20 м/с.

Қонаев қ.: 18 ақпанда оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады екпіні 15-20 м/с.

 

18 ақпанда түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.

 

18 ақпанда Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің бағыты солтүстікке  ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе қ.: 18 ақпанда көктайғақ күтіледі.

 

18 ақпанда Батыс Қазақстан облысында тұман, көктайғақ күтіледі.

Орал қ.: 18 ақпанда тұман, көктайғақ күтіледі.

 

18 ақпанда Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.

Атырау қ.: 18 ақпанда түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.

 

18 ақпанда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Ақтау қ.: 18 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

 

Дата публикации
18 февраля 2026
Дата обновления
18 февраля 2026
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы