
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Астана қ.: 09 ақпанда күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Алматы қ.: 09 ақпанда түнде тұман күтіледі.
Шымкент қ.: 09 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
09 ақпанда Абай облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі. 10-11 ақпанда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
09 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі. 10-11 ақпанда оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
09 ақпанда Алматы облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 17-22 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
09 ақпанда Түркістан облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, күндіз тау асуларында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі. 10 ақпанда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, тау бөктерінде кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі, 11 ақпанда түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, тау асуларында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с.
10 ақпанда Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
09 ақпанда Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. 09-11 ақпанда солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с.
09 ақпанда күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың таулы аудандарында көктайғақ. Облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман.
09 ақпанда Жамбыл облысында кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
09 ақпанда Батыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
09 ақпанда Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман, түнде облыстың орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың орталығында екпіні 15 м/с.
09 ақпанда Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың оңтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тұман, көктайғақ. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
09 ақпанда түнде Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
09 ақпанда түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, күндіз қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
09 ақпанда күндіз Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен соғады жел, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
09 ақпанда түнде Қарағанды облысының батысында қар, бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, шығысында, орталығында екпіні 15-20, түнде және таңертең кей уақыттарда 23-28 м/с.
09 ақпанда түнде Ұлытау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, түнде және таңертең кей уақыттарда 23-28 м/с.
09 ақпанда түнде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.
09 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.
09 ақпанда күндіз Абай облысының батысында, солтүстік-батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі.
09 ақпанда түнде Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ, күндіз батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
09 ақпанда Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с.
09 ақпанда Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі.