МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК деректер бойынша дауылды ескертулер

Дауылды ескертулер сақталады:

05 ақпанда Атырау облысында түнде 17-22 градус аязға дейін одан әрі төмендейді.

05 ақпанда Маңғыстау облысында түнде және күндіз 7-12 градус аязға дейін одан әрі төмендейді.

05 ақпанда Ақтөбе облысында ауа температурасы түнде және күндіз 7-12, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 градус аязға дейін күрт төмендейді, 06 ақпанда түнде 23-28, облыстың оңтүстігінде 20 градус аязға дейін одан әрі төмендейді.

06 ақпанда Қостанай облысында ауа температурасы түнде 20-25, облыстың батысында 28 градус аязға дейін, күндіз 17-22 градус аязға дейін күрт төмендейді.

06 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы түнде 18-23, облыстың солтүстігінде 26 градус аязға дейін, күндіз 15-20 градус аязға дейін күрт төмендейді.

06 ақпанда Ақмола облысының  батысында, солтүстігінде ауа температурасы түнде және күндіз 15-20 градус аязға дейін күрт төмендейді.

06 ақпанда Қызылорда облысында ауа температурасы түнде және күндіз 2-7, облыстың солтүстігінде 12 градус аязға дейін күрт төмендейді.

06 ақпанда Түркістан облысында ауа температурасы күндіз 2-7 градус жылы, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 1 градус аязға дейін күрт төмендейді.

Шымкент қ.: 06 ақпанда күндіз 2-4 градус жылыға дейін күрт төмендейді.

06 ақпанда Жамбыл облысында ауа температурасы күндіз 1 градус аяз-4 градус жылы, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 6 градус аязға дейін күрт төмендейді.

05 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысыда жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с.

Дауылды ескертулер күтіледі:

Астана қ.: 05 ақпанда күннің екінші жартысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Алматы қ.: 05 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Шымкент қ.: 05 ақпанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

05 ақпанда түнде Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

05 ақпанда күндіз Қызылорда облысының орталығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, орталығында көктайғақ, жаяу бұрқасын, облыстың солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында, батысында, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі.

05 ақпанда түнде Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, облыстың батысында, шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с.

05 ақпанда таңертең және күндіз Қарағанды облысының батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.

05 ақпанда Қостанай облысында қар, облыстың оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі. Бұрқасын, көктайғақ. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

05 ақпанда түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

05 ақпанда Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с күтіледі.

05 ақпанда Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында,  оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

05 ақпанда күндіз Абай облысының батысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз Жарма ауданында 15-20, екпіні 23-28 м/с.

05 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

05 ақпанда Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20, күндіз облыстың тау асуларында екпіні 23-28 м/с.

05-06 ақпанда Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.

 05 ақпанда Жамбыл облысында кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.

05 ақпанда  Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

05 ақпанда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Дата публикации
04 февраля 2026
Дата обновления
04 февраля 2026
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы