
«Қазгидромет» РМК Қазақстан Республикасы бойынша 2026 жылдың 03-05 ақпанда күтілетін ауа райының күрт өзгеруі және қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы дауылды ескертулер
04 ақпанда Батыс Қазақстан облысында ауа температурасы күндіз 15-20 градус аязға дейін күрт төмендейді.
04 ақпанда Атырау облысында ауа температурасы күндіз 5-10 градус аязға дейін күрт төмендейді, 05 ақпанда түнде 17-22 градус аязға дейін одан әрі төмендейді.
04 ақпанда Маңғыстау облысында ауа температурасы күндіз 0-5, облыстың солтүстік-шығысында 08 градус аязға дейін күрт төмендейді, 05 ақпанда түнде және күндіз 7-12 градус аязға дейін одан әрі төмендейді.
03 ақпанда түнде Батыс Қазақстан облысында қар, бұрқасын, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты қар, күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр), жаяу бұрқасын күтіледі. Тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с.
Орал қ.: 03 ақпанда түнде қар, бұрқасын, жауын-шашын (қар, жаңбыр), жаяу бұрқасын күтіледі. Тұман, көктайғақ күтіледі.
03 ақпанда Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Атырау қ.: 03 ақпанда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.
03 ақпанда күндіз Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.
03 ақпанда күннің екінші жартысында Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 15-18 м/с.
03 ақпанда Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
03 ақпанда Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
03 ақпанда түнде және таңертең Ұлытау облысының шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Тұман.
Жезқазған қ.: 03 ақпанда тұман күтіледі.
03 ақпанда түнде Қарағанды облысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Тұман.
Қарағанды қ.: 03 ақпанда түнде және таңертең қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Тұман.
03 ақпанда түнде Абай облысының батысында солтүстігінде, орталығында қар, жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, орталығында 15-20 м/с.
03 ақпанда күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 15-18 м/с.
03 ақпанда Қызылорда облысының орталығында, шығысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Қызылорда қ: 03 ақпанда кей уақытта тұман, түнде көктайғақ күтіледі.
03 ақпанда түнде Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с.
03 ақпанда Жамбыл облысының таулы аудандарында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 03 ақпанда кей уақыттарда тұман күтіледі.
03 ақпанда түнде Алматы облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с.
03 ақпанда Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жаяу бұрқасын, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.