МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК деректер бойынша дауылды ескертулер

Дауылды ескерту сақталады:

Алматы қ.: 24 қаңтарда кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

24 қаңтарда Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел батыс бағытқа ауысады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Дауылды ескертулер күтіледі:

Шымкент қ.: 24 қаңтарда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

24 қаңтарда түнде Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарныда қар, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарныда, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с.

24 қаңтарда түнде Абай облысында қар, бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.

24 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

24 қаңтарда Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың орталығында екпіні 15-18 м/с күтіледі.

24 қаңтарда түнде Атырау облысының шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман.

24 қаңтарда Қостанай облысының оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман

24 қаңтарда Қарағанды облысының батысында, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі.

24 қаңтарда түнде Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында қар, жаяу бұрқасын күтіледі.

24 қаңтарда Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі.

24 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

24 қаңтарда Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

24 қаңтарда Жамбыл облысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

24 қаңтарда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі.

24 қаңтарда түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

24 қаңтарда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

 

Дата публикации
23 января 2026
Дата обновления
23 января 2026
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы