МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК деректер бойынша дауылды ескертулер

Дауылды ескертулер сақталады:

Алматы облысында 18-19 қаңтарда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с.

Алматы қ.: 18-19 қаңтарда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі.

18 қаңтарда түнде Шығыс Қазақстан облысының  солтүстігінде, шығысында 45 градус өте қатты аяз күтіледі.

Дауылды ескертулер күтіледі:

18 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының  солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде облыс бойынша 40 градус қатты аяз күтіледі.

18 қаңтарда Абай облысында солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде және таңертең Аягөз ауданында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 41 градус қатты аяз күтіледі.

18 қаңтарда күндіз Ақмола облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

18 қаңтарда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі.

18 қаңтарда түнде Қарағанды облысының батысында,шығысында 35 градус қатты аяз күтіледі.

18 қаңтарда Ұлытау облысындда солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі.

18 қаңтарда түнде және таңертең Түркістан облысының таулы аудандарда қатты қар күтіледі. Облыс бойынша көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстістігінде таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с.

18 қаңтарда түнде Қызылорда облысының оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі.

18 қаңтарда Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

18 қаңтарда Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде 25-28 градус қатты аяз күтіледі.

18 қаңтарда түнде Алматы облысының солтүстігінде, орталығында 25 градус қатты аяз күтіледі.  

18 қаңтарда түнде Атырау облысының батысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ.

18 қаңтарда Маңғыстау облысында түнде жауын-шашын (көбінесе қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың орталығында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

18 қаңтарда түнде Ақтөбе облысының оңтүстігінде, орталығында шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, екпіні 15-18 м/с.

 

Дата публикации
17 января 2026
Дата обновления
17 января 2026
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)
18 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 17 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы