МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК Қазақстан Республикасы бойынша 2026 жылдың 08-09 қаңтарда күтілетін қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы дауылды ескертулер

08 қаңтарда түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында аздаған қар, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.  Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Орал қ.: 08 қаңтарда түнде аздаған қар, күндіз аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.

08-09 қаңтарда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз 08, тәулік бойы 09 қаңтарда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 08-09 қаңтарда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.

08 қаңтарда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүтсік- шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Алматы қ.: 08 қаңтарда түнде және таңертең кей уақытта тұман күтіледі.
Қонаев қ.: 08 қаңтарда түнде және таңертең кей уақытта тұман күтіледі.

08 қаңтарда түнде және таңертең Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с.

08 қаңтарда Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда қ: 08 қаңтарда кей уақытта тұман күтіледі. Жел шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.                                                         

08 қаңтарда Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі.
Шымкент қ.: 08 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі.
Түркістан қ.: 08 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі.                                                                   

08 қаңтарда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында қар, бұрқасын, облыстың солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Петропавл қ.: 08 қаңтарда күндіз аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі.

08 қаңтарда Павлодар облысының солтүстігінде,  шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.
Павлодар қ.: 08 қаңтарда аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Тұман. Батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

08 қаңтарда түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.
Семей қ.: 08 қаңтарда түнде және таңертең қар, бұрқасын күтіледі.

08 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с.
Өскемен қ.: 08 қаңтарда түнде және таңертең қар, бұрқасын күтіледі.

08 қаңтарда түнде Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында, батысында екпіні 15 м/с.

08 қаңтарда Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
Атырау қ: 08 қаңтарда түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.

08 қаңтарда Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

08 қаңтарда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі.

08 қаңтарда Қарағанды облысында батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

08 қаңтарда таңертең және күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман.

08 қаңтарда  Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Дата публикации
07 января 2026
Дата обновления
07 января 2026
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
Жедел ақпарат
21 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы