
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Астана қ.: 04 қаңтарда қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман.
Алматы қ.: 04 қаңтарда кей уақытта тұман күтіледі.
Шымкент қ.: 04 қаңтарда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.
04 қаңтарда түнде және таңертең Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, қөктағақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с.
04 қаңтарда түнде Батыс Қазақстан облысының батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23 м/с.
04 қаңтарда күндіз Ақтөбе облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстікке ауысады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-18 м/с.
04 қаңтарда күндіз Атырау облысының батысында, солтүстігінде аздаған жауын-шашын (қар, жаңбыр), жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
04 қаңтарда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
04 қаңтарда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көқтайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, түнде облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында, күндіз облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
04 қаңтарда Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.
04 қаңтарда Жетісу облысының таулы аудандарында көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.
04 қаңтарда Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.
04 қаңтарда түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі
04 қаңтарда Ақмола облысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
04 қаңтарда күндіз Павлодар облысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
04 қаңтарда Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман.
04 қаңтарда түнде Ұлытау облысында қар, бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с.
04 қаңтарда Қарағанды облысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман.
04 қаңтарда түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с.
04 қаңтарда Абай облысында жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз Жарма ауданында 15-20, екпіні 25 м/с.