
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескерту сақталады:
2025 жылғы 27 желтоқсан мен 2026 жылғы 02 қаңтар аралығында Батыс Қазақстан облысында қар нормадан көп болады деп болжануда.
2025 жылғы 27 желтоқсан мен 2026 жылғы 02 қаңтар аралығында Атырау, Маңғыстау облыстарында, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының оңтүстігінде және таулы аудандарында, Жетісу облысынданормадан көп жауын-шашын (жаңбыр,қар)болжанады.
2025 жылғы 28 желтоқсан мен 2026 жылғы 02 қаңтар аралығында Ақтөбе облысында нормадан көп қар жауады деп болжанады.
Дауылды ескертулер күтіледі:
Астана қ.: 30 желтоқсанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.
Шымкент қ.: 30 желтоқсанда оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
30-31 желтоқсанда Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
30-31 желтоқсанда түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда 23-28 м/с.
30 желтоқсанда Алматы облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
30 желтоқсанда түнде Түркістан облысының батысында, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), күннің бірінші жартысында облыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында 15-20, түнде облыстың тау асуларында екпіні 23 м/с.
30 желтоқсанда Ақмола облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, тұман, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.
30 желтоқсанда Қостанай облысында қар, бұрқасын, көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде қатты қар күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.
30 желтоқсанда Жамбыл облысының таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
30 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с.
30 желтоқсанда түнде Ұлытау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
30 желтоқсанда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
30 желтоқсанда күндіз Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, шығысында жаяу бұрқасын. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
30 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
30 желтоқсанда түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.
30 желтоқсанда түнде және таңертең Абай облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, Жарма ауданында екпіні 23-28 м/с.
30 желтоқсанда Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.
30 желтоқсанда күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
30 желтоқсанда Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.
30 желтоқсанда түнде Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.