МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК деректер бойынша дауылды ескертулер

Дауылды ескерту сақталады:

2025 жылғы 27 желтоқсан мен 2026 жылғы 02 қаңтар аралығында Батыс Қазақстан облысында қар нормадан көп болады деп болжануда.

2025 жылғы 27 желтоқсан мен 2026 жылғы 02 қаңтар аралығында Атырау, Маңғыстау облыстарында, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының оңтүстігінде және таулы аудандарында, Жетісу облысынданормадан көп жауын-шашын (жаңбыр,қар)болжанады.

2025 жылғы 28 желтоқсан мен 2026 жылғы 02 қаңтар аралығында Ақтөбе облысында нормадан көп қар жауады деп болжанады.

Дауылды ескертулер күтіледі:

28 желтоқсанда Атырау облысында түнде қар, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар, күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.  

28 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысында қар, жаяу бұрқасын, облыстың шығысында қатты қар күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

28 желтоқсанда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

28 желтоқсанда күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде қар жауады, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың орталығында, шығысында тұман куүтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-18 м/с.

28 желтоқсанда түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

Алматы қ.: 28 желтоқсанда түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

28 желтоқсанда түнде және таңертең Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

28 желтоқсанда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.

28 желтоқсанда Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында 15-20 м/с.

28 желтоқсанда Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі.

28 желтоқсанда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

28 желтоқсанда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

28 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

28 желтоқсанда Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында  тұман күтіледі.

28 желтоқсанда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Дата публикации
27 декабря 2025
Дата обновления
27 декабря 2025
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы