МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер

Дауылды ескерту сақталады:

26 желтоқсанда Ақтөбе облысында түнде ауа температурасы 20-25 градус аязға дейін төмендейді. 

26 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар, бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Ауа температурасы түнде  25-30, облыстың оңтүстігінде 20 градус аязға дейін төмендейді. 

26 желтоқсанда түнде Ақмола облысында қар, бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасының түнде және күндіз 20-25, облыстың оңтүстігінде, шығысында 15 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі. 

Астана қ.: 26 желтоқсанда кей уақыттарда қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасының түнде және күндіз 13-15 градус аязға дейін күрт төмендеуі, күндіз одан әрі төмендейді.

26 желтоқсанда Павлодар облысында қар, бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде қатты қар күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 26 желтоқсанда ауа температурасының түнде және күндіз 8-13 градус аязға дейін төмендеуі, 27 желтоқсанда түнде 20-25 градус аязға дейін әрі қарай төмендеуі күтіледі. 

26 желтоқсанда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасының түнде және күндіз 10-15, облыстың батысында 18 градус аязға дейін күрт төмендеуі, 27 желтоқсанда түнде 20-25 градус аязға дейін әрі қарай төмендеуі күтіледі. 

26 желтоқсанда Қарағанды облысында қар, бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың шығысында қатты қар күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады,  облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасының түнде және күндіз 12-17 градус аязға дейін төмендеуі, 27 желтоқсанда түнде 20-25, облыстың оңтүстігінде 15 градус аязға дейін әрі қарай төмендеуі күтіледі. 

Дауылды ескертулер күтіледі: 

Астана қ.: 26 желтоқсанда түнде қар, жаяу бұрқасын, күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Алматы қ.: 26 желтоқсанда
күндіз жолдарда көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман.

Шымкент қ.: 26 желтоқсанда кей уақыттарда көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

26 желтоқсанда Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с, таңертең және күндіз таулы және тау бөктерлі аудандарда кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

27 желтоқсанда Абай облысының түнде солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасының түнде 22-27, облыстың солтүстігінде 30, оңтүстігінде 15 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі. 

27 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында түнде қар, бұрқасын, облыстың солтүстігінде,  шығысында қатты қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады,  облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Ауа температурасының түнде 20-25, облыстың шығысында 30 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі. 

26 желтоқсанда түнде Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі.

26 желтоқсанда күндіз Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында 15-20, облыстың тау асуларында екпіні 23-28 м/с.

26 желтоқсанда түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с.

26 желтоқсанда түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қатты қар күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 23-28 м/с.

26 желтоқсанда түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде қатты қар күтіледі. Түнде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с.

26 желтоқсанда түнде және таңертең Ұлытау облысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың шығысында кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман.

26 желтоқсанда түнде Ақмола облысында қар, бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

26 желтоқсанда Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

26 желтоқсанда түнде Қызылорда облысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.

26 желтоқсанда Жетісу облысынында түнде батысында, солтүстігінде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарда  жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

26 желтоқсанда Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың батысында екпіні 15-20 м/с.

26 желтоқсанда күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

26 желтоқсанда Маңғыстау облысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 20 градус қатты аяз күтіледі.

26 желтоқсанда Ақтөбе облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.

26 желтоқсанда Атырау облысының батысында, оңтүстігінде  тұман күтіледі.

 

Дата публикации
25 декабря 2025
Дата обновления
26 декабря 2025
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы