
Үшінші тұлғалар қайтыс болған жағдайда сақтандыру қорғанысының дереу пайда болуын және сақтандыру төлемдерін жедел алуды қамтамасыз ету мақсатында «Өрт қауіпсіздігі саласында сақтандырылуға жататын, алаңы екі мың шаршы метрден асатын, адамдар жаппай болатын объектілердің тізбесін, сондай-ақ үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне зиян келтіргені үшін адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін жүктелген сақтандырудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 379 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрық жобасы әзірленді.