
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескерту
Дауылды ескерту сақталады:
21 желтоқсанда Ақтөбе облысында түнде ауа температурасының 18-23, облыстың солтүстік-шығысында 26 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
20 желтоқсанда Қостанай облысында қар, бұрқасын, көктайғақ, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 21 желтоқсанда түнде ауа температурасының 25-30 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
20 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын, тұман, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 21 желтоқсанда түнде ауа температурасының 30-35 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
20 желтоқсанда Ақмола облысында қар, бұрқасын, тұман, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 21 желтоқсанда түнде ауа температурасының 25-30 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
Астана қ.: 21 желтоқсанда түнде ауа температурасының 25-27 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
21 желтоқсанда Павлодар облысында түнде қар, бұрқасын, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар, күндіз солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасының 20-25 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі, күндіз әрі қарай төмендейді.
21 желтоқсанда Ұлытау облысында ауа температурасының 15-20 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
21 желтоқсанда Қарағанды облысында түнде қар, бұрқасын, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар, күндіз солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасының 15-20 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі, күндіз әрі қарай төмендейді.
21 желтоқсанда Абай облысында қар, бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 22 желтоқсанда түнде ауа температурасының 20-25 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
21 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында қар, бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 22 желтоқсанда түнде ауа температурасының 20-25 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
Дауылды ескертулер күтіледі:
Астана қ.: 20 желтоқсанда қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Алматы қ.: 20 желтоқсанда түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.
Шымкент қ.: 20 желтоқсанда күндіз көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман.
20 желтоқсанда Ақмола облысында қар, бұрқасын, тұман, көктайғақ күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 25 м/с.
20 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын, тұман, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Облыстың батысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 25 м/с.
20 желтоқсанда түнде Ақтөбе облысында көктайғақ, күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-18 м/с.
20 желтоқсанда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.
20 желтоқсанда түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с.
20 желтоқсанда түнде Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, күндіз қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-18 м/с.
20 желтоқсанда түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, күндіз қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-18 м/с.
20 желтоқсанда Абай облысының солтүстігінде аздаған қар күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с.
20 желтоқсанда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде аздаған қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.
20 желтоқсанда Павлодар облысында қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
20 желтоқсанда Қостанай облысында қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
20 желтоқсанда таңертең және күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с.
20 желтоқсанда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
20 желтоқсанда Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.
20 желтоқсанда Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.
20 желтоқсанда түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.
20 желтоқсанда Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман күтіледі.