
«Қазгидромет» РМК деректер бойынша дауылды ескертулер
Астана қ.: 16 желтоқсанда қар, бұрқасын, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады 15-20, екпіні 25 м/с.
Шымкент қ.: 16 желтоқсанда күннің соңында көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман.
Алматы қ.: 16 желтоқсанда түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.
16 желтоқсанда Ақмола облысында қар, бұрқасын, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с.
16 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с.
16 желтоқсанда түнде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, күндіз қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.
16 желтоқсанда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, түнде облыстың солтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с.
16 желтоқсанда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.
16 желтоқсанда түнде Абай облысының оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.
16 желтоқсанда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.
16 желтоқсанда Қостанай облысында қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік,-батысытан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с.
16 желтоқсанда түнде Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз облыстың таулы аудандарында қар күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасын, көктайғақ. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с.
16 желтоқсанда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында, күндіз облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
16 желтоқсанда түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
16 желтоқсанда Жетісу облысының таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.
16 желтоқсанда Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында аздаған жауын-шашын (көбіне қар), көктайғақ күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.
16 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының шығысында, солтүстік-шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
16 желтоқсанда Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.
16 желтоқсанда Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
16 желтоқсанда Ақтөбе облысынның солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.