МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК деректер бойынша дауылды ескертулер

Астана қ.: 13 желтоқсанда кей уақыттарда қар, жаяу бұрқасын күтіледі.

13 желтоқсанда Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында шығыстан  жел соғады, екпіні 23-28, түнде кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

13 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысында түнде қар, бұрқасын, көктайғақ, күндіз жауын-шашын, бұрқасын, көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с.

13 желтоқсанда Атырау облысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), күндіз облыстың батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі. Көктайғақ, күндіз жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с.

13 желтоқсанда түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында көктайғақ, тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

13 желтоқсанда түнде Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

13 желтоқсанда Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с.

13 желтоқсанда түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

13 желтоқсанда Ақмола облысында қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

13 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

13 желтоқсанда түнде Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қар,  жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

13 желтоқсанда түнде Қостанай облысының оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, шығысында тұман.

13 желтоқсанда Қарағанды облысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертен және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

13 желтоқсанда Ұлытау облысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

13 желтоқсанда түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында қар, бұрқасын күтіледі. Күндіз жауын-шашын (жаңбар, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні    23-28 м/с.

13 желтоқсанда күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с.

13 желтоқсанда түнде Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

13 желтоқсанда Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

13 желтоқсанда түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Дата публикации
12 декабря 2025
Дата обновления
12 декабря 2025
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы