МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 29-30 қарашада күтілетін ауа райының қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша дауылды ескертулер

 

 

Дауылды ескерту сақталады:

 

29-30 қарашада Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Қызылорда қ.: 29-30 қарашада кей уақытта тұман күтіледі.

 

 

Дауылды ескертулер күтіледі:

 

29 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Петропавл қ.: 29 қарашада түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жаяу бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

 

29 қарашада түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

Өскемен қ.: 29 қарашада түнде көктайғақ күтіледі.  

 

29 қарашада түнде және таңертең Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.

Семей қ.: 29 қарашада түнде көктайғақ күтіледі.  

 

29 қарашада Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Көкшетау қ.: 29 қарашада күндіз көктайғақ күтіледі.

 

29 қарашада күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде  қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде күндіз екпіні 15-20 м/с.

Павлодар қ.: 29 қарашада күндіз қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

 

29 қарашада Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі.

Орал қ.: 29 қарашада түнде және таңертең тұман, күндіз көктайғақ күтіледі.

 

29 қарашада Қостанай облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 7-12, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

 

29-30 қарашада Жамбыл облысында кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 29 қарашада облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Тараз қ.: 29-30 қарашада кей уақыттарда тұман күтіледі.

 

29-30 қарашада  түнде және таңертең Жетісу облысының  таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 17-22 м/с.

 

29 қарашада түнде және таңертең Түркістан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі.

 

29 қарашада түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

 

29 қарашада түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Атырау қ.: 29 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

 

29 қарашада Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі.

 

29 қарашада түнде және таңертең Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.

Дата публикации
28 ноября 2025
Дата обновления
28 ноября 2025
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
Жедел ақпарат
21 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы