
ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылғы 26 қараша Астана уақытымен 07 сағат 15 мин жер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 160 км жерде орналасқан.
Сезілетіндігі туралы мәліметтер
Жетісу облысы Сарыөзек а. 2 б.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.
Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 26-28 қарашада күтілетін ауа райының қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы дауылды ескертулер
Дауылды ескерту сақталады:
26 қарашада түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі.
Дауылды ескертулер күтіледі:
26 қарашада түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с.
Өскемен қ.: 26 қарашада жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.
26 қарашада түнде Абай облысының солтүстігінде, орталығында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с.
Семей қ.: 26 қарашада жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.
26 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), қөқтайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде күші 15-20, облыстың оңтүстігінде екпіні 23 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Петропавл қ.: 26 қарашада күндіз аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), қөқтайғақ күтіледі. Тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде күші 15-20 м/с.
26 қарашада Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Астана қ: 26 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Көкшетау қ.: 26 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с.
26 қарашада Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Павлодар қ.: 26 қарашада тұман күтіледі.
26 қарашада түнде және таңертең Алматы облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с.
Қонаев қ.: 26 қарашада оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с.
26 қарашада Жетісу облысында шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.
26-28 қарашада Жамбыл облысында кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, 26-28 қарашада облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 26-28 қарашада кей уақыттарда тұман күтіледі.
26 қарашада түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Қарағанды қ.: 26 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.
26 қарашада түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінле, шығысында тұман күтіледі.
26 қарашада таңертең және күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман.
26 қарашада Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Орал қ.: 26 қарашада тұман күтіледі.
26 қарашада Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Атырау қ.: 26 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.
26 қарашада Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
26 қарашада Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі.
Қызылорда қ.: 26 қарашада кей уақыттарда тұман күтіледі.