
Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау жүйесін дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының 17-тармағына сәйкес «Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының мазмұны мен көлемі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 24 қазандағы № 732 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығының жобасы әзірленді (бұдан әрі – Бұйрық жобасы).
Бұйрық жобасы «Қазақстан темір жолы «Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқару пункттеріне қажеттілікті ұлттық компанияның қолданыстағы құрылымына сәйкес тек поездар қозғалысы мен инфрақұрылымды басқарудың өңірлік орталықтарында құру жолымен оңтайландыруға, сондай-ақ қауіпті өндірістік объектілердегі радиациялық және химиялық жағдайды бағалау бойынша бірыңғай тәсілді қалыптастыруға мүмкіндік береді.