
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 18 наурыздағы № 818 Жарлығына сәйкес «Республикалық азаматтық қорғау қызметтерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 1210 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы жобасы әзірленді (бұдан әрі – ҚР ҮҚ жобасы).
ҚР ҮҚ жобасы Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің базасында радиациялық қорғау қызметін құруды көздейді (қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің базасында құрылған).
Республикалық азаматтық қорғау қызметтерінің тізбесіне өзгеріс енгізу оның функциясын Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігіне беру жолымен Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігін радиациялық қорғау қызметінің құрамынан шығаруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар бұйрық жобасында редакциялық сипаттағы түзетулер қарастырылған.