МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 10 қарашада күтілетін ауа райының қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша дауылды ескертулер

 

 

Дауылды ескерту сақталады:

 

10 қарашада Ақмола облысында түнде қар, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар күтіледі. Жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні    15-20 м/с.

Астана қ: 10 қарашада кей уақыттарда қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.                                              Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

Көкшетау қ.: 10 қарашада түнде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с.

 

 

Дауылды ескертулер күтіледі:

 

10 қарашада түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда                        23-28 м/с.

Өскемен қ.: 10 қарашада таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.

 

10 қарашада түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын, облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда 23-28 м/с.

Семей қ.: 10 қарашада жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.

 

10 қарашада түнде Солтүстік Қазақстан облысында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында қар, жаяу бұрқасын, қөқтайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатың жел оңтүстік-батыс бағытына ауысады, күші 15-20, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 25 м/с.

Петропавл қ.: 10 қарашада түнде қар, жаяу бұрқасын, қөқтайғақ күтіледі. Тұман. Солтүстік-батыстан соғатың жел оңтүстік-батыс бағытына ауысады, күші 15-20 м/с.

 

10 қарашада түнде Қарағанды облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с, түнде облыстың орталығында, шығысында кей уақыттарда 23 м/с.

 Қарағанды қ.: 10 қарашада жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

 

10 қарашада түнде Ұлытау облысының батысында, орталығында аздаған жауын-шашын, облыстың шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың батысында, шығысында, орталығында, күндіз облыстың шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с, облыстың шығыснда, оңтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с.

Жезқазған қ.: 10 қарашада түнде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.  Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-18 м/с.

 

10 қарашада түнде Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында азадаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қостанай қ.: 10 қарашада солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады,  күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

 

10 қарашада Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында 23 м/с күтіледі. 

Павлодар қ.: 10 қарашада жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

 

  10 қарашада түнде және таңертең Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с күтіледі.

 Тараз қ.: 10 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с.

 

10 қарашада түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20, түнде облыстың тау асуларында екпіні 23 м/с.

 

10 қарашада түнде Қызылорда облысының шығысында, орталығында жауын-шашын жауады (жаңбыр, қар), көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

 

10 қарашада Алматы облысының онтүстік-батыстан  жел соғады,  облыстың  солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.  

 

10 қарашада Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с.

 

10 қарашада түнде және таңертең Атырау облысының  солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде  тұман күтіледі.

Атырау қ.: 10 қарашада  түнде және таңертең тұман күтіледі.

 

10 қарашада түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Орал қ.: 10 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

 

10 қарашада түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысында, орталығында тұман күтіледі.

 

10 қарашада түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Дата публикации
10 ноября 2025
Дата обновления
10 ноября 2025
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы