МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК деректер бойынша дауылды ескертулер

Астана қ: 09 қарашада кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 10 қарашада кей уақыттарда қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 09 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз кей уақыттарда екпіні 23 м/с. 10 қарашада солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

09 қарашада Ақмола облысында жауын-шашын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 10 қарашада түнде қар, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар күтіледі. Жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 09 қарашада оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. 10 қарашада солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

09 қарашада Қостанай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Көктайғақ, жаяу бұрқасын. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 23 м/с.

09 қарашада Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, қөқтайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 23 м/с.

09 қарашада Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде 23 м/с күтіледі. 

09 қарашада түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде аздаған жауын-шашын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік бөлігінде екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с.

09 қарашада таңертең және күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с

09 қарашада Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

09 қарашада түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың  солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с.

09 қарашада түнде және таңертең Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі.

09 қарашада түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.

09 қарашада түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

09 қарашада Ақтөбе облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

09 қарашада түнде және таңертең Атырау облысының батысында тұман күтіледі.

Дата публикации
08 ноября 2025
Дата обновления
08 ноября 2025
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
Жедел ақпарат
21 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы