
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескерту сақталады:
Шымкент қ.: 28 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.
28-31 қазанда Алматы облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
28 қазанда Түркістан облысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Дауылды ескерулер күтіледі:
28 қазанда таңертең және күндіз Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
28 қазанда таңертең және күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с.
28 қазанда Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
28-31 қазанда облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.
28 қазанда Алматы облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с.
28 қазанда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
28 қазанда түнде және таңертең Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
28 қазанда түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
28 қазанда Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде облыстың орталығында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
28 қазанда түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
28 қазанда түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
28 қазанда түнде және таңертен Солтүстік Қазақстан облысының шығысында тұман күтіледі.
28 қазанда Ұлытау облысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
28 қазанда түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
28 қазанда Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с.
28 қазанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.