
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескертулер сақталады:
24 қазанда Алматы облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Дауылды ескерулер күтіледі:
Шымкент қ.: 24-25 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.
24-25 қазанда Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. 24 қазанда түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 1-3 градус үсік күтіледі.
24-25 қазанда Түркістан облысында төтенше өрт қаупі сақталады.
24 қазанда түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
24 қазанда Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
24 қазанда түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
24 қазанда Ақмола облысының оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
24 қазанда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
24 қазанда Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
24 қазанда түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
24 қазанда түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі.
24 қазанда Ұлытау облысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
24 қазанда Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
24 қазанда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
24 қазанда түнде және таңертең Атырау облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
24 қазанда Маңғыстау облысында жоғары өрт қаупі сақталады.