
Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 23-24 қазанда күтілетін қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескертулер сақталады:
23-24 қазанда Алматы облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Дауылды ескерулер күтіледі:
23 қазанда Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 1-3 градус үсік күтіледі.
Талдықорған қ.: 23 қазанда түнде 1-3 градус үсік күтіледі.
23 қазанда түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
23 қазанда Түркістан облысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Шымкент қ.: 23 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан қ.: 23 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.
23 қазанда Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда қ.: 23 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.
23 қазанда түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
23 қазанда түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Көкшетау қ.: 23 қазанда таңертең тұман күтіледі.
23 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігнде, шығысында тұман күтіледі.
Петропавл қ.: 23 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
23 қазанда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Павлодар қ.: 23 қазанда тұман күтіледі.
23 қазанда түнде және таңертең Қарағанды облысының шығысында тұман күтіледі.
23 қазанда Ұлытау облысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жезқазған қ.: 23 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.
23 қазанда түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде тұман күтіледі.
Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
23 қазанда түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі.
23 қазанда Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
23 қазанда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Орал қ.: 23 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
23 қазанда түнде және таңертең Атырау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау қ.: 23 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Төтенше өрт қаупі сақталады.
23 қазанда Маңғыстау облысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтау қ.: 23 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.