МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер

Дауылды ескерту сақталады:

20-24 қазанда Алматы облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Дауылды ескерулер күтіледі:

Шымкент қ.: 20-22 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.

20 қазанда түнде Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында 2 градус үсік күтіледі. 20-22 қазанда облыста төтенше өрт қаупі сақталады.

20 қазанда түнде Қызылорда облысының солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі. Төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

20 қазанда түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

20-21 қазанда Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел күтіледі, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.

20 қазанда Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

20 қазанда Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады.  

20 қазанда Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі. 

20 қазанда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

20 қазанда түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

20 қазанда түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

20 қазанда Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

20 қазанда Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Дата публикации
19 октября 2025
Дата обновления
19 октября 2025
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы